2016 жылғы 29 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы №595 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ